Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерін «электрондық үкіметтің» шлюзімен біріктіру мүмкіндіктерін зерделеу жөніндегі жұмыс жоспары


Мемлекеттік органдардардың «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық қызметтер ұсынуы туралы
Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 27 шілдедегі № 324, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 285 бірлескен бұйрығымен бекітілген

«Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметті» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мынадай:
- «Ұрланған, жоғалған, табылған, өз еркімен тапсырылған және алынған ұялы телефондар тізімінде ұялы телефонның бар-жоғын оның сәйкестендіру коды (ІМЕІ-коды) бойынша тексеру»;
- «Іздестірудегі автомотокөлік құралдары, сондай-ақ тиесілігі анықталмаған көлік құралдарының тізімінде көлік құралдарының бар-жоғына оларды тексеру»;
- «Азаматтық мәселелері жөніндегі өтініштерді қарау барысы туралы ақпараттарды қарау» электрондық қызметтерін іске асыру үшін қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерін «электрондық үкіметтің» шлюзімен біріктіру мүмкіндіктерін зерделеу жөніндегі жұмыс жоспары бекітілсін.
2. Осы Бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары Е.Д. Дүрмағамбетовке және Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі Қ.Н. Қасымовқа жүктелсін.
3. Осы Бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы
Ақпараттандыру және байланыс
агенттігінің төрағасы
Қ. Есекеев

Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
С. Баймағанбетов

Қазақстан Республикасының
Ақпараттандыру және байланыс
агенттігі төрағасының
2009 жылғы 27 шілдедегі № 324,
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2009 жылғы 28 шілдедегі № 285
бірлескен бұйрығымен бекітілген

ВложенияРазмер
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерін «электрондық үкіметтің» шлюзімен біріктіру мүмкіндіктерін зерделеу жөніндегі жұмыс жоспары.doc35 Кбайт